2018 жылдың 24 жылтоқсанында Оқушылар сарайының жаңа жылдық бағдарламасына бардық. Сарайдың есігіне жақындағаннан бастап жаңа жылдық шараның біткен уақытына дейінгі дайындықтың кереметіне таң қалдық. Есік алдында аяз аталардың құттықтауымен балаларымыздың көңілдері көтеріліп шыға келді. Оқушылар сарайының есігі ашылып әртүрлі кейіпкерлердің киімін киген адамдарды көргенде де таң-тамаша қалдық. Бала емес үлкен адамға да әсерлі болады екен. Әндетіп барлығымызды мастерлік сабақтарға жіберді. Ол жерде балаларымыз жасыл шыршадан бастап, түрлі заттар жасаумен қатар, келер жылдың кейіпкері торайды да қолдан жасап көріп мәз болдық. Балаларымыз мастерлік сабақтан жасаған сыйлықтарын алып тамашалап жүріп, Концерт залындағы қойылым күміс планетадағы қызықты оқиғалардың ортасынан қалай шыққандарын байқамай да қалды. Бір ертегіге кіргендей, көздері күлімдеп жаңа әлемге жүргендей өздерін ғажайып күйде сезінулерімен қатар, алған әсерлерін жеткізе алмай мәз болып жүр. Қойылымнан кейін жанымыздағы балалардың ересектері ертегілер залындағы би кешіне, кішілері салтанат залындағы шырша кешіне кірді. Ертегілер залының қабырғаларындағы суреттер мен төбедегі айнадан, жан жақтағы түрлі түсті жарыққа қызығып балалар түрлі би ырғақтарына биледі. Салтанат залында дөңгелене би билеп, шырша маңында әртүрлі ойындар ойналып, аяз ата мен қаршақызды көрген балалардың көңілдері қатты көтерілді. Менің айтайын дегенім осындай жаңа жылдық шараны ұйымдастырып мыңдаған баланың және ата- аналардың көңілінен шығып жатқан Оқушылар сарайының ұжымына мың алғысымызды білдіреміз. Сулушаш Жусупова Жусупова Нұрсаяның анасыГулжан Тоқтасынқызы Ескендір Димаштын анасыГульшат Бишуинова Мирас Мырзатайдың анасы
Ardak Baizhankyzy,