Мен, Таңбаева Райса, Маңғыстау облысы тұрғынымын. Алматы қаласына маусым айының 2015ж қыдырып барып,тіс дәрігер Толеулов Болат Сейткаливичтің клиникасын көріп, жолықтым. Өте жақсы қабылдады. Болат Сейткалиевичке халықтың берер бағасы тым жоғары. Болат Сейткалиевич ішкі жан дүниесі мейірімге толы, бауырына тарта сөйлейтін, адамға деген жеке құрметі ерекше, қайырымды қасиет иесі. Ауыруыма шипа іздеп барып едім. Тісімді асықпай емдеп, ойдағыдай салып берді. Көңілімнен шықты. Жақсысның жақсылығын айт, нұры тасысын дегендей осындай қазақтың жігіттері көбейе берсін, халыққа пайдасы тисін. Жанұясына бар жақсылықты тілеймін. Бала-шағасының қызығын көрсін. Дені сау болсын, өмір жасы ұзақ болсын! Болат Сейткалиевичтің ұжымы өте жақсы. Бәріңізге рахмет! Еңбектерің жемісті болсын. Бақытты болыңдар. Алғысым шексіз!
Райса,