161 лицейдин мугалимдерине алгысым шексиз! Олардын балаларга деген ак пейили, окытып жаткан билимине, зор енбектерине ризамын! Убтга оте Жаксы дайындайды. Биылгы жылы убтдан орта балл 122 болып, аудан бойынша 1ши орын алды! Бул биздин аяулы устаздарымыздын тынбай енбек етуинин аркасы. Енбектериниздин жемисин коре бериниздер
Anonim,
Мен 161 лицейге 1013 жылы сегізінші сыныпқа келдім. Осында оқыған төрт жыл ішінде өте қызықты əрі көңілді сəттерімді бастан кешірдім. Осы аядай ғана ұяда бізге туған балаларындай қарап тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызға мың алғыс! Тек жоғары дəрежеде білім беріп қана қоймай, біздің əртүрлі өнер салаларында өз-өзімізді жетілдіруімізге зор үлес қосқан мектеп мұғалімдері мен директорымыз Роза апайға өмір бойы қарыздармыз. Мектебіміз жылдан жылға көркейіп, оқушылары биік-биік белестерден көруге берсін деп тілеймін. Жүрегіме ыстық мектебім мен ұстаздарымды ешқашан ұмытпаймын. Сіздерге алғыспенен шын көңілден бар жақсы тілектерімді арнаймын!
Малика Иса,
Мен 161 лицейдің 2017 жылғы түлегімін. Лицей мен үшін тек білім ошағы ғана емес, бірлігі мен татулығы жарасқан екінші отбасым секілді. Біз бұл жерде тек білім алып қана қоймай, өзімізді жан-жақты жетілдіре білдік. Мектеп кезеңіндегі ең қызықты күндеріміз де осы лицеймен байланысты) Кішкентай ғана осы жылы ұяда əрбір ұстаз, əрбір қызметкер балалардың игілігі үшін аянбай тер төгіп, бар күшін аямайды. Лицей директоры Суранчиева Роза апайымыз үнемі оқушылардың пікірін тыңдап, оларға барынша жағдай жасайды. Түрлі олимпиада, ғылыми жобаларға дайындық та өте жоғары деңгейде жүргізіледі. Өзінің білімін шыңдап, олимпиадаларға қатысқысы келген оқушылар лицейіміздің ең білікті ұстаздарымен қоса ЖОО-ның ұстаздарымен де дайындала алады жəне оның барлығы мектеп қаражатынан іске асады. Ұстаздарымыз жайлы, олардың сабақтарының жоғары деңгейі жайлы том-том кітаптар жазуға болады. Мен үшін дəл біздің лицейіміздегідей ұстаздар əлемде жоқ. Ишигов Кибар, Темірболатова Əлия, Саденова Айна, Мақышева Алма, Серғазиева Ханымбүбі сынды ұстаздарымыздан дəріс алған оқушының сол пəндерді игермеуі, сол пəндерге қызықпауы мүмкін емес шығар. Директорымыз Роза апайдың да сабағына бір рет кірген оқушы келесі сабағына да аса қызығушылықпен кіреді. Менің ең алғаш химия сабағына қызығушылығымды оята білген де Роза апай болатын. Менің сол пəнді таңдауыма да ықпал ете білді. Шын ниетіммен лицейдің əрбір ұстазының еңбектері бағаланып, шəкірттері озат болуын жəне денсаулықтарының мықты болуын тілеймін!!! Сіздерге шексіз қарыздармыз) Сіздермен мақтанамыз! Алғысымыз шексіз!!!
Інжу Қуаныш,